БАҒДАРЛАМА 

  
 
Біздің өміріміздегі ақпарат. Бізді қоршаған ақпарат. Ақпарат түрлерінің алуандылығы(суреттер, мәтіндер,дыбыстар) және оларды өңдеу тәсілдері. Адам ақпаратты қалай алады. Ақпаратпен не істеуге болады. Ақпаратты тану, сақтау, беру, өңдеу және іздеу. Ақпаратты кодтау.

Компьютердің негізгі құрылғылары, олардың функциялары мен компьютердің жұмыс істеу кезііндегі өзара байланысы. Компьтермен жұмыс істеу қауіпсіздік техникасының ережелері.
Операциялық жүйелер мен  ЭЕМ-нің жұмысын бағдарламамен басқару туралы түсінік. Windows операциялық жүйесі. Жұмыс үстелі. Мауспен жұмыс істеу. Терезелермен жұмыс істеу. Файл, катталог ұғымдары. Обьектілерді басқару. ЭЕМ-нің бағдарламалық жабдықтамасы туралы көзқарас. Қолданбалы бағдарламалық жабдықтама. Компьютерді есептеуге,мәтінмен, суретпен, дыбыспен жұмыс істеуде қолдану.
Компьютердің көмегімен хабарлар қабылдау мен жіберу. Жергілікті желі. Электрондық пошта. 

Дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
  Курстың мақсатына оқушылардың ойында ақпарат ұғымы мен оны өңдеу тәсілдері туралы түсінік қалыптастыру, бастапқы таныстыру, пернетақтамен мауспен жұмыс істеу дағдыларына үйрету, оқушылардың компьютердің мүмкіндіктері туралы көзқарастарын қалыптастыру, күнделікті өмірде ақпараттық технологияларды қолдануға қызығушылығын туғызу, компьютерді аспап ретінде еркін игеру кіреді.
           Оқушылар білуі тиіс:
-	Ақпарат ұғымы, оның түрлері мен өңдеу тәсілдерін;
-	Ақпарат мөлшерінің негізгі өлшем бірліктерін;
-	Бағдарламалық жабдықтама дегеніміз не екенін;
-	Компьютердің бағдарламалық жабдықтамасының рөлі мен оның түрлерін: жүйелік, қолданбалы;
-	Операциялық жүйе дегеніміз не екенін;
-	Компьютерлік желі ұғымы;

Оқушылар үйренуі тиіс:
-	Жанды табиғатта, техникада, адам мен қоғам іс-әрекетінде ақпарат жеткізу, өңдеу және сақтау мысалдарын келтіруді,
-	Компьютерді қосу/ ажыратуды, пернетақтамен, «маус» типті манипулятормен жұмыс істеуді;
-	Қарапайым мәтін теріп, оны редакциялау;
-	Графикалық редакторды қолдануды;
-	Калькуляторды өз жұмыстарында қолдануды,
-	Дыбысты жазу мен ойнатуды;
-	Түрлі стандартты бағдарламаларды іске қосу;